Философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберлиев биыл 70 жасқа толды. Осыған орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде мерейтой иесінің атындағы дәрісхана ашылды.

 Баймырза Қожамберлиев саналы ғұмырын білім саласына арнаған азамат. Киров атындағы мемлекеттік университетті «Философия» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік университетінде философия пәнінен оқытушы болып бастаған. Ал, 1997 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне ауысып, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, кәсіподақ төрағасы қызметтерін атқарды. Ал, бүгінде университетте философия және мәдениеттану кафедрасының профессоры қызметінде. Баймырза Қожамберлиев 200-ден астам ғылыми және әдістемелік мақаланың авторы.

АЙНҰР БАЙМЫРЗАҚЫЗЫ - Б.ҚОЖАМБЕРЛИЕВТІҢ ҚЫЗЫ//Көп жылдар бойы студенттерге тәліи-тәрбиесін, білімін берген осындай ғалым адамның атына дәрісхана беру біріншіден униыерситеттің өзіне мәртебе деп санаймын. Өйткені университет өзінің оқытушыларын қаншалықты сыйлайтыны туралы мағына береді. Біз үшін мәртебе, өйткені әкемнің еңбегі ақталып жатыр. Әкемнің артына қалдырған ғылыми мұралары кейінге тарайды деп сенемін//

Жиында Қызылорда Жастар театрының әртістері театрландырылған қойылым көрсетіп, талантты ақын Ақжол Түменбай мерейтой иесіне арнауын арнады. Сондай-ақ, дәрісхананың ашылу рәсімінде сөз алған әріптестері мен туыстары өткеннен сыр шертіп, ұлағат иесінің өмір жолына тоқталды.

 ҒАЗИЗ ТЕЛЕБАЕВ - ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ // Өз болмысында керемет жетістіктерге жетті. Философияда болсын, өзінің ғылыми жолында болсын, өмірлік жолында болсын барлық жағын игеріп, осы болмысты толтырып, 70-ке толып отырған досымызды шын жүректен құттықтаймыз//

Жаңадан ашылған дәрісхана студенттерге қажетті көрнекі құралдармен жабдықталған. Баймырза Қожамберлиев туралы деректер жазылған. Іс-шарада профессор-оқытушыға университеттің «Үздік оқытушысы» төсбелгісі табысталып, салтымызға сай шапан жабылды.