Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, техника ғылымдарының докторы Бақытжан Жанмолдаев 70 жасқа толды. Мерейлі жас иесіне өзі еңбек ететін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы құрмет көрсетті.

Бақытжан Жанмолдаев 1955 жылдың 29 наурызында Шымкент қаласында дүниеге келген. Арал қаласындағы №15 мектепті тәмамдаған соң, Қазақ мемлекеттік университетінде “математика” мамандығы бойынша білім алды. Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінің аспирантурасын тәмамдап, ұстаздық жолын Арал қаласындағы орта мектептен бастады.

ӘБДІЛДА ТӨРЕШБАЕВ – ФИЗИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ

 Мен айтар едім оны мектеп қабырғасынан бастап білемін деп. 7 кластан бастап бүкіл математикадан болатын олимпиадаларға қатысты, облыстық, республикалық сайыстарға қатысты. Одан қалды бүкіл одақтық олимпиадаларға қатысқан. «Матемиканы басқа ғылымдардың патшасы» дейді ғой. Менің ойымша бұл адамдарға жаратылысынан беріледі. Осы секілді адамдар ғылымға көптеп келсе ғой деп ойлаймын.

 Ғалым-ұстаз Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарған. Қазір «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының профессоры. 70-тен астам ғылыми, әдістемелік мақалалар жазды. Бірнеше оқу құралының авторы. Зерттеу еңбектері халықаралық журналдарда жарияланған.

ЕРАЛЫ ӘБЖАНОВ - «МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ МЕХАНИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫ

 «Уақытын аямайтын, шәкіртін аялайтын» деп жатадығы ғой. Соның кемшілігіне шыдай біліп, қайта түсіндіруге жалықпайтын ұстаздардың бірі. Жақсы мұғалімдер көп, дегенмен жақсы шәкірт тәрбилеп жетістікке жеткен мұғалімдер аз. Ал сондай мұғалімдердің бірі осы кісі.

 Ғылым жолында аянбай еңбек етіпкеле жатқан ұлағатты ұстаздың шәкірттері де бір төбе. Балалары да әке жолын жалғап, білім биігін бағындыруды мақсат еткен.