Осыдан тура отыз жыл бұрын 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қазақстандық 17 жауынгер ерлікпен қаза тапты. Тәжікстанның Пшихавр шатқалында моджахедтерге қарсы тұрып, қазақ батальонының намысын қорғаған ерлердің есімі ел есінде. Бүгін сырбойылықтар ұрыс даласынада көз жұмған жауынгерлерді еске алып, рухына құран бағыштады.
Алдымен шараға қатысушылар Жеңістің 80 жылдығына орай «Тағзым алаңында» «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Одан соң Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Жалпы, осынау бітімгерлік операцияға 1992-2001 жылдары аралығында 10 мың жуық қазақстандық сарбаз қатысты. Соның 400-і - қызылордалық. Ұрыс даласында жерлесіміз Eржaн Әбдиeв, Жaқсылық Жaнсүгiров, Қaнaт Eсeтов eрлiкпeн қaзa тaпты. Aл, Eрмeк Бeкжaнов сол шайқаста aуыр жaрaқaт aлды. «Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысқан жауынгерлер мемлекетіміздің ғана емес, тұтас Орта Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салды. Сондықтан олардың есімін ұлықтау, ерлігін ұмытпау – біздің қасиетті парызымыз» дейді ұйымдастырушылар.
МАРАТ ОРЫНБАЙҰЛЫ – «АРДАГЕРЛЕР ОДАҒЫ «ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДА ЖАУЫНГЕРЛІК ҚИМЫЛДАРЫНА ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСТАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР» РҚБ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ // осындай ерлікпен қаза болған азаматтарымызға Тәжікстанның Душанбе қаласында монумент қойлып, көше аттары берілді. Застава аты берілді. Басқа елдің сарбаздарына қарағанда біздің қазақтың сарбаздары өте ерліктер көрсетіп, шекардан қару-жарақ пен контрабанда өтпеу үшін қызмет жасаған болатын