Облыстық прокуратураның үйлестіруімен «Тергеушілер слёті» өтті. Жиында қылмыстық істерді тергеудің проблемалық мәселелері талқыланып, тергеу сапасы мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру жайы қаузалды.

 Тергеушілер слёті екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған облыстық прокуратура бастама білдірген. Өйткені, тергеу қызметі құқық қорғау органдарының ең негізгі тармағы саналады. Сондықтан, мамандардың кәсіби біліктілігін көтеру және тәжірибе алмасудың маңызы зор.

РИЗАБЕК ОЖАРОВ – ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ /// Тергеушінің рөлі қылмыстық процесте өте маңызды, өте зор. Егерде біздің тергеушілер білікті болса, шағым арыздар аздау болады. / Прокуратураның онда орны ерекше. Біз процесті қадағалап отырмыз. Қандайда бір құқықбұзушылықтар болса, өзіміздің ден қою шараларын қолданып жатырмыз.

Жиында тергеу қызметінде тегеурінді қызмет атқарып, тәжірибе жиған сала ардагерлері білгенімен бөлісті. Сондай-ақ, жыл көлемінде табысты жұмыс істеген мамандар марапатталды. Ал, облыстық полиция департаменті, тергеу басқармасының аға тергеушісі Сұлтан Жалғасұлы мерзімінен бұрын арнаулы атаққа ие болды.

 СҰЛТАН РЫСБАЙ – ОПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ // 2024 жылы қорқытып алушылық дерегімен қылмыстық іс тіркелген болатын. Кәсіпкерге қатысты ақша талап еткен. Сол бойынша 4 адам құрықталды. Сол бойынша үкім шықты сотпен. 6,5 жылдан әрқайсысы бас бостандығынан айырылды.

Тергеушілер слеті - заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған бастама. Сондықтан бұл дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.