Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Ақерке Абылайхан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесті. Министрлік өкілі алдымен жастар ұйымдарының көрмесін аралады. Студенттер театр жұмысы мен оқу орнында қолға алынған жобаларды таныстырды. Ал университеттің өнерлі жастары домбырамен күй тартты.
Одан соң еркін форматта дөңгелек үстел өткізіліп, білім беру сапасын арттыру, студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары кеңінен талқыланды.
Жиын барысында министрлік өкілі жастарды ғылыммен айналысуға, білім саласында болып жатқан реформаларға белсенді араласуға шақырды. Өз кезегінде студенттік ұйым өкілдері оқу процесін жетілдіруге қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.