#qyzylordatv

Облыстық қоғамдық кеңестің жаңа сайланған құрамының алғашқы отырысы өтті.

Кеңес құрамында облыстық мәслихат депутаттары, ғалымдар, саяси партия филиалдары төрағалары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, ассамблея өкілдері, жалпы өзіндік пікірі бар, халықтың ортасында жүріп, аймақтың мүддесін жеткізуге мүдделі азаматтар бар.

Алғашқы отырыста облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов кеңес мүшелеріне куәліктерін табыстап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі . Көпшіліктің ұсынысымен Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Сұлтанбек Тәуіпбаев кеңестің төрағасы болып сайланды. Қоғамдық кеңестің 5 салалық комиссиясы құрылып, төрағалары таңдалды. Сондай-ақ, 11 мүшеден құралған төралқа құрамы белгіленді. Айта кетейік, облыстық қоғамдық кеңес құрамында облыстық телеарнаның бас редакторы Айнұр Тұңғышбаева да бар.