#qyzylordatv

Өңірде бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында онлайн бюджеттік мониторинг модулі іске асырылуда. Бұл бірінші кезекте заңсыздықтардың жолын кесуге ықпалын тигізіп отыр. Мәселен былтыр дәл осы бақылау жүйесі арқылы 125 млн теңге бюджетке қайтарылса, жыл басынан бері тағы 63 млн теңгеге қатысты бұзушылықтардың жолы кесілген.

Бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын бақылауға арналған заманауи жүйе онлайн форматта жұмыс істейді және тәуекел индикаторлары арқылы қаржылық тәртіпті бағалауға мүмкіндік береді. Аймақта былтырғы жылдың төртінші тоқсанында енгізілген бақылау сәуірден бастап білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт саласы мамандарының жалақысын қадағалауға мүмкіндік беріп отыр. «Алдағы уақытта бақылау аясын кеңейту жоспарда»,- дейді мамандар. Осы мақсатта жауапты сала мамандарының басын қосқан департамент ұжымы түсіндіру бағытындағы жұмыстардың ауқымын кеңейте түспек.

ЕРБОЛ КҮЗЕМБАЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

// Өңірімізде білім саласы бойынша кейбір бас есепшілері тарапынан бюджет қаражатын жымқыру фактілері көптеп анықталуда. Қазіргі таңда осы онлайн бдюжеттік мониторингі модулі арқылы 2024 жылы 125 млн теңге анықталып, бюджетке қайтарылды және 2025 жылы 63 млн теңгедей бұзушылықтар анықталып, қазіргі таңда түгелімен бюджетке қайтарылды. //