#qyzylordatv

Бүгін ұлт тарихындағы айтулы күн. Осыдан тура бір ғасыр бұрын, яғни 1925 жылдың 15-ші сәуірінде қазаққа «қазақ» атауы қайтарылды. Оған дейін ресми құжаттарда қазақ халқы «қырғыз» аталып келген еді. Тарихи күннің маңызы туралы дәл қазір тілшіміз Қозы Көрпеш Жасаралұлы тікелей эфирде баяндамақ. Қозы Көрпеш сіз эфирдесіз...

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ: //Қайырлы күн, студия! Иә, Қызылорданың тасын түртсең де тарихи сөйлей кетеді. Талай тұғырлы тұлғаның табанының табы бар. Дәл осы топырақта ұлт тарихындағы ұлы өзгерістер жасалды. Соның бірі - 1925 жылы өткен V съезде қабылданды. Яғни, ресми құжаттарда «қырғыз» аталып келген «қазақты» қайта «қазақ» деп атау жөнінде бастама көтерілді. Айтулы күннің маңызы жайында филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ғабит Тұяқбаевпен талқыласақ дейміз.

Ғабит Әнешұлы, әуелгі сауал. V съезде қабырғалы қайраткерлер қаузаған негізгі мәселелерге тереңірек тоқталсаңыз... Съезде кімдер, қандай сөз сөйледі....

Осынау айтулы күнді ел жадында жаңғыртып, кеңінен насихаттау жағы қалай? Өйткені, бұл күннің маңызын бірі білсе, бірі білмейді...

Жуырда, мемлекет басшының қатысуымен Бурабайда Құрылтай өтті. Президент 5-ші құрылтайды талай тарихи шешімдер қабылданға Қызылордада қаласында өткізу туралы ұсыныс айтты. Мұның маңызына тоқталсаңыз....

Ғабит Әнешұлы, тарихи құнды ақпараттармен бөліскеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Құрметті көрермен, осы ретте мен тағы бір ақпарат айта кетейін. 1925 жылы 15 сәуірде басталған съез 5 күнге созылды. Осы бес күнде ұлттың тарихи атауы ресми түрде қайта қалпына келтірілді, Оған қоса, ел астанасына жаңа атау берілді. Яғни, Ақмешіт Қызылорда болып өзгерді. Студия, мендегі ақпарат осы!

Қозы Көрпеш, ақпаратыңызға рахмет! Құрметті көрермен, ал біз, жаңалықтарымызды жалғастырамыз.