#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #өнертапқыш #робототехника
Өңірде ғылыммен айналысып, жаңа технологияны игеруге бейім жеткіншектер қатары артып келеді. Әсіресе оқушылардың робототехникаға деген қызығушылығы ерекше. Бүгінде қызылордалық өнертапқыш балалар саланың қыр-сырын танып-біліп, түрлі байқаулардың жеңімпазы атанып жүр. Толығырақ тілші бейнематериалында.
№212 мектеп-гимназиясының оқушысы Нугретдин Көшербек екі жылдан бері робототехника үйірмесіне қатысады. Робот құрастыруға деген қызығушылығы басым. Жеткіншек қатырма қағаздан робот құрастырған. Затты бір орыннан екінші орынға көтеретін қондырғыны бір күнде жинап шыққан.
НУГРЕТДИН КӨШЕРБЕК - ОҚУШЫ Бұл лего жиынтығынан жасалған робот-манипулятор.Мен осыған қарап, картоннан жасағым келді, бұл картоннан, таяқшалардан, түтікшелерден және судан жасалған. Бір күнде жасап бітірдім. Егерде біз рычакты қозғалтқанда түтікшелер суы бір-біріне ығысып, ығысқан су жылжиды, сосын ол су жылжып, роботты қозғалтуға мүмкіндік береді.
Нугретдин туындысын мектепте өткен семинар үшін арнайы дайындаған. Алдағы уақытта жобасын жетілдіріп, байқауға қатыссам деген ниетте. Ал сегізінші сынып оқушысы Нұрхан Ысқақ күнделікті тұрмысқа қажетті техниканы қолдан жасап шығарған. Ыдысты жақындатқанда өздігінен су құю функциясын орындайтын автоматтық диспенсер.
НҰРХАН ЫСҚАҚ - ОҚУШЫ
Көбінесе бізде, біз роботтар жасаған кезде, балалар шөлдеді,шаршайды, сол кезде шаршаған кезде, шөлімізді қандырып диспенсер арқылы су ішсек болады, бұның ішінде үш литр су сияды. Ішінде ыдысы бар, соған қалаған сок немесе су құйсақта өзіміз білеміз, құрылысына келер болсақ матор, арнайы насоз және де қуат үнемдегіш батереяка. Насоз бачоктағы суды тартқан кезде, фильтрдан өткізеді, фильтрдан өткен суды келесі матор осы жаққа айдайды, бұл процесті біз сезімтал батырма басқан кезде көре аламыз. Міне, осылай стаканды қоямыз, осы кезде контакт жүреді, су ағады, яғни бұл бачоктағы судың фильтрдан өткен түрі.
Нұрханның жасаған еңбегі байқауларда да ерекшеленіп жүр. Мәселен былтыр «Ozyq urpaq 2024» чемпионатында «Роботэк» санаты бойынша жүлдегер атаныпты.
АЙГҮЛ ҰЛЫМБАЕВА - РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Жобаны дайындау барысында бұл құралдардың әр қайсының өзінің өлшемі, ерекшелігі, адамзатқа қандай пайдасы бар, соны назарда ұстау ұсынылды. Менің үйірмеге қатысатын оқушыларым, әрбір келген сайысқа үзбей қатысып тұрады, Рободэй, Хакатон, Смарт сити Кызылорда айти жобаларға қатысамыз. Осы оқыту-танымдық процесінде, балалар үйірмеде жұмыс жасай отырып, өздерінің табандылығы, еңбекқорлығы арқасында түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді, алдағы уақытта балалардың арманы осы айти саласындағы мықты маман болуды армандайды.
Қос өнертапқыш өреннің мақсаты – көптің кәдесіне жарайтын жасанды құрылғыларды құрастыру.