#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #ағаш #тазақазақстан

Сыр өңірінде республикалық жастар форумы аясында ботаникалық баққа 100-ге жуық ағаш көшеттері егілді.

 Бұл — жастардың табиғатты аялауға бағытталған нақты қадамы. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен шараға еліміздің әр өңірінен келген белсенділер қатысты. Олар жүзге жуық көшет отырғызып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

ДУЛАТ МАҚАТОВ – ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ /БАТЫС ҚАЗАҚСТАН/

//Мен өзім Ақжайық өңірінен келіп отырмын. Осы форумның жоғары деңгейде өтіп жатқанын көріп, облыс әкімдігіне , Қазақстан ассамблея мүшелеріне, Достық үйіне және де Ассамблея жастарына алғысымды білдіремін. Осы Ассамблеяның 30 жылдығына осындай керемет шаралар ұйымдастырылып жатыр.

 Экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырған акцияны Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» ұйымдастырды. Олар бұл бастама болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан игі іс екенін айтады. Жастарға аға буын батасын беріп, тілектестігін білдірді.

 ЖАҚСЫБАЙ ЖӘКЕЕВ - ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

// Бүгін республикалық жастар форумына қатысып, бірге атсалысып жатқаныма өзімде қуаныштымын. Әрине, Атадан мал қалғанша, Тал қалсын деп мінекей республикалық бүткіл жастар келіп, біздің Қызылорда қаласына үлестерін қосып, ағаш отырғызып жатыр.

 Ұйымдастырушылар акция экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосатынын айтады. «Жасыл желек тек табиғаттың көркі ғана емес, болашаққа жауапты көзқарастың көрінісі»,- дейді олар.