#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #спорткешені#облысәкімі #қазақстанхалқына
Үшжақты келісім бекісімен Сырдың сол жағалауынан спорт нысанының іргетасы қаланды. Тарихи сәтке облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева арнайы қатысып, аймақ спортшыларының қуанышына ортақтасты.
Алдымен құрылыс алаңында уақыт капсуласын салу рәсімі ұйымдастырылды. Осылайша маңызды жоба жылдам бастау алып отыр. Ғимаратының жалпы аумағы 3250 шаршы метр. Мұнда спорттың бірнеше түрімен қатар айналысуға қолайлы жағдай жасалмақ. Нысан құрылысы тамыз айының соңына дейін толыққанды аяқталады. Денешынықтыру кешенін мүгедектерге арналған спорт клубының теңгеріміне беру көзделіп отыр. Айта кетейік, бүгінде өңірде 400-ден астам мүгедектігі бар азамат спортпен кәсіби түрде шұғылданады. Олардың көбі халықаралық бәсекелерде ел мерейін үстем етіп жүр. Енді жаңа кешен пайдалануға берілсе, жетістік еселене түсері анық.
АРМАН МОЛДАХАНОВ – МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ / Осы уақытқа дейін біздің спортшылар жан-жақта жалдамалы нысандарда жаттығу жасап жүрді. Оларға өте қиын болды. Енді мынау «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен және аймақ басшысының қолдауымен осындай заманауи спор кешенінің соғылатынына біз ризашылығымызды білдіреміз. Біздің спорт клубымызда 350 спортшы жаттығады. Соның ішінде 16 спорт түрімен/
ҚҰРБАН АХМЕТОВ – ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ / 35 адам құрылыс нысанында істеп жатыр. Аумағы 3250 шаршы метр. Комплектің астында баскетбол және футбол алаңдары бар. Сапасы өте жақсы болады. Құрылыс материалдары соңғы үлгіде. Аумағы өте кең, трибуналары да бар/