#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #меморандум#қазақстанхалқына
Қызылордада «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен заманауи үлгідегі денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Осыған байланысты бүгін облыс әкімдігі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және мердігер мекеме арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.
Қаланың сол жағалауынан бой көтеретін денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жалпы құны 2 млрд. 900 млн. теңгені құрайды. Спорт нысанының бірінші қабатында әмбебап спорт залы болады. Ал, екінші қабатында тренажер, күрес, бокс залы, киім ауыстыратын бөлмелер орналасады.
Айта кету керек, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен өңірде 7 миллиард 150 миллион теңгенің жобалары жүзеге асырылуда. Қордан қаралған қаржының басым бөлігі медицина саласына бағытталып отыр. Мәселен, облыстық онкология орталығына құны 1 млрд. теңге болатын скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешен алынса, Арал ауданында «Қамқорлық» орталығы салынып жатыр. Мұнан бөлек, «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында 2022-2024 жылдары 6 мектеп қайта жабдықталды. Жиында облыс әкімі денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен әрі қарай тығыз байланыс орнатып, бірлесіп жұмыс атқарамыз,- деді.