#qyzylordatv

 «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының белсенділері соғыс ардагері Яхия Тасыровтың шаңырағына барып, Жеңіс мерекесімен құттықтады. Қарт майдангерге құрмет көрсетіп, ақсақалдың батасын алды.

 Бүгінде облыста көзі тірі екі ғана соғыс ардагері бар. Соның бірі - сырдариялық Яхия Тасыров. Отан үшін от кешкен жауынгер биыл 103 жасқа толды. Қос ғасырдың куәгері мерекемен құттықтап келген жастармен емен-жарқын әңгіме құрып, соғыс жылдарындағы отты оқиғаларды еске алды.

         Яхия Тасыров 20 жасында қолына қару алып, майданға аттанған. Ең алғаш фашистермен бетпе-бет шайқасы Сталинград түбінде өтеді. Жеңіс күнін Мәскеудегі госпитальде қарсы алыпты.

 ЯХИЯ ТАСЫРОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ \109-шы жеке танкке қарсы жауынгерлік дивизиясы едік 11 мың адам жұмыс істейміз. Біз 118-ші полкті қорғаушы едік. Барлық құрал болды бізде. 43 жылдың февральдің 21 күні полный Сталинградты алдыққой. Немістердің бәрі қашып, ортаға тықтық. Азанда немістер пленге беріле бастады ғой \

Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан майдангер 1945 жылдың қыркүйек айында елге оралды. Аудан орталығындағы сүт заводында, астық қабылдау пунктінде жұмыс істеп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосты. Абыз ақсақал бейбіт өмір мен береке-бірліктен асқан бақыт жоқ дейді.