#qyzylordatv
Биыл ежелгі өркениет ошақтары саналатын сақтардың орталығы Бәбіш мола, оғыздардың ордасы Жанкент және қыпшақ, қазақ хандықтарының астанасы болған Сығанақ қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы бойынша Жетіасар мәдениеті ескерткішіне археологиялық зерттеулер басталмақ.
Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай ұйымдастырылған баспасөз брифингінде тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды сақтау мен қорғаудың маңыздылығы туралы сөз болды. Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде 567 тарихи-мәдени мұра нысандары мемлекет қорғауына алынған.
//Дүние жүзілік мәдени мұралармен ескерткіштерді қорғау мен сақтау мәселелерді жалпы жұртшылықтың назарын аудару мақсатында 1983 жылғы ЮНЕСКО жанындағы ескерткіштер мен көрікті орындар мәселеллері бойынша халықаралық кеңес Ассамблеясы 18-сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күнін бекіткен.
// Облыс көлемінде 567 тарихи-мәдени мұра нысандары мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 31-і Республикалық, 256-ы жергілікті маңызы бар тарих және мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 280 ескерткіш алдын ала тарихи мұра тізіміне алынған.