#qyzylordatv

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Назарбаев Университетінің ұйымдастыруымен «Аймақтық білім беруді дамыту және маңызды реформаларды енгізу» тақырыбында республикалық семинар өтті. Басқосуға еліміздегі бірнеше жоғары оқу орнының өкілдері қатысып, тәжірибелерін ортаға салды.

Бүгінде жасанды интеллект жайламаған сала кемде-кем. Цифрлық трансформация ғылымға да едәуір өзгеріс әкелді. Осы ретте ғалымдар IT-білім беру саласындағы инновациялар, жасанды интеллекттің білім беру жүйесінде қолданылу мүмкіндіктеріне салыстырмалы талдау жасады.

 БЕЙБІТКҮЛ КӘРІМОВА — ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ, РЕКТОР // Аудандағы орналасқан колледждерге, мектептерге дәрістердің цифрлық трансляциясын жасау, дата-центр базасындағы мемлекеттік бағдарламалармен, стартап-инкубатормен байланысты жасанды интеллект хабын құру, хаб қазір бізде бар. Осыған барлығын қосу. Мұғалімдер мен оқытушыларға арналған 20+ идея деп міне бізде осыны ұсынып отыр. Жазғы мектеп ұйымдастырайын деп отырмыз нақты осы жасанды интеллект. Академиялық ортадағы жасанды интеллект қысқы мектебінде біраз мектептің мұғалімдері, оқушылар келіп өтіп кетті.//

 Жиында «Аймақтық білім беруді қалай дамытуға және маңызды реформаларды енгізуге болады?», «Білім беру саласындағы цифрлық трансформацияға педагогтар мен білім беру ұйымдары басшыларын дайындау» тақырыптарында баяндамалар тыңдалып, «Мұғалімдерге арналған тәлімгерлік және цифрлық технологияларды енгізу» бойынша практикалық сабақтар өтті.

 ЕЛДОС САФУЛЛИН — БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Облысқа келгелі беттен, оң әсер алып жатырмыз. Ғимараттардың бәрі сәнді болып бой түзеген. Жалпы өзге өңірлердің білім саласында Қызылорда облысынан алатын үлгілі тұстары өте көп екен. Көп өңірлерге тән ортақ үш ауысымды мектептер, апатты мектептер деген сұрақтар өте көп. Солар оң шешімдерін тауып, жойылған екен.

Жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.