#qyzylordatv

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен кездесті. Аймақ басшысы Сыр өңіріне арнайы сапармен келген ақынға алғыс білдіріп, руханият пен мәдениетке қосқан еңбегін ерекше атап өтті.

Кездесуде аймақ басшысы Мұхтар Шахановтың шығармашылығы мен еңбегіне жоғары баға беріп, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен шын жүректен құттықтады. Ақынның «Жұбайлар жыры», «Туған күн кешінде», «Мен саған ғашық едім» сынды көптеген өлеңдері сан ұрпақтың жүрегіне жол тауып, шығармалары 50-ден астам тілге аударылып, әлемдік сахна төрінде қойылып жатқанын сөз етті. Облыс әкімі әдебиет арқылы ел еңсесін көтерген ақын мен жұбайы Ханшайым Көкенқызына Сыр жұртшылығының атынан құрмет көрсетті.