#qyzylordatv

Қызылордада көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Абырой болғанда, адамдар дін аман.

Өрт оқиғасы 14 сәуір күні Бауыржан Момышұлы көшесіндегі 76 үйдің үшінші қабатында тіркелді. Асханадағы 12 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар жанған. Өрт 30 минутта оқшауланып, 17-03-те толық сөндірілді. Құтқарушылар 27 адамды, оның ішінде 17 баланы эвакуциялады. Оқиға орнына Төтеншеліктер мен Апаттар медицинасы қызметкерлері жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.