#qyzylordatv

Оқырман қызығушылығын ояту да өнер. Ұлттық кітап күні қарсаңында Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қызылордалықтарға «Кітапхана түні» деген акция ұйымдастырды. Ол несімен қызық болғанын тілшіміз айтсын.

 Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды түрлі сергіту ойындарымен қарсы алды. Бірі интерактивті квестте өз білімін сынады, енді бірі караокемен ән салды. «Еркетай» балалар алаңында жас оқырмандар ертегі тыңдап, одан кейін флешмоб биледі. Тіпті кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда сырбойылық ақын-жазушылардың төл туындылары таныстырылды.

  АЙГҮЛ ЖАНҒАБЫЛОВА — Ә.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ / Биыл бірінші рет 23-сәуір Ұлттық кітап күні тойланып жатыр. Соның аясында 16-23 сәуір аралығында апталық өтіп жатыр. Жақсы шаралар өткізіліп жатыр: конференциялар, кітаптардың тұсаукесерлері болып жатыр, ақын-жазушылармен кездесулеріміз өтіп жатыр. Мұндағы мақсатымыз кітапханадағы балаларды кітапханаға тарту, осы арқылы балалардың болашағына жақсы бағыт-бағдар беріп, тәлім-тәрбиге, мәдениетке үйрету.

 Осылайша мәдени ошаққа келгендер кітапхана ішін емін-еркін аралап, мекеме қызметкерлері дайындаған түрлі тосын сыйларға куә болды.

ҚАМАР БЕКЕТОВА — ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 / Оқушыдан бастап зейнет жасындағы адамдарға дейін көп адамдар жиналған екен. Оның ашылуына жаңа өзіміз куә болдық. Мына кітап түнінде балаларды визуалды қызықтыру кинозалмен, қандай киноға байланысты кітаптар бар екенін, өлеңдер оқылғанын өздеріңіз де естідіңіздер. Осындай іс-шаралардың маңызы негізі зор деп ойлаймын.

 АСЫЛЗАТ ЖОЛДАСҚЫЗЫ-ТІЛШІ

Кітапхана түні акциясы оқырмандарға жақсы көңіл-күй мен пайдалы ақпарат ұсынды. Кітапхананың мәдени атмосферасын сезіндіріп, көңілді уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік сыйлады. Жалпы әлемді кітаппен тануға үндейтін акция- жұртшылықты кітапханаға тартудың таптырмас құралы