#qyzylordatv

Шиеліде Отан қорғаушылар күні және Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

 Мерекелік шарада патриоттық әндер орындалды. Кеш барысында бірқатар азамат “Жеңіске - 80 жыл” мерекелік медалімен марапатталды. Сонымен қатар, әртүрлі сала үздіктеріне аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

 БОЛАТБЕК СМАҒҰЛОВ - АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Іс-шарда жалпы аудандағы тыл ардагерлерімен және Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген бейбіт замандағы осындай ұрыс соғыстарға қатысқан, Ауған соғысына қатысқан , Чернобль апаттарына қатысқан ардагерлер барлығы қатысып жатыр. Жалпы аудан бойынша бүгінде 1771 тыл ардагері бар.

 СЕЙІТҚАН ТҰРЫСБЕКҰЛЫ –ТЫЛ АРДАГЕРІ

Мен Ұлы Отан соғысы басталған кезде алты жарым жастағы бала едім. Менің әкем Шиелі ауданының ортаншы колхозында өндіріс бригадирі болып жұмыс істейтін.Сол кезде ол кісінің соғысқа бармай ауылда еңбек етугеде мүмкіндігі болды. Бірақ, соған қарамастан қасымдағы жолдастарым кетіп бара жатыр менде барам балаларыма көлеңке түсірмеймін деп 42-ші жылдың октябрьінде соғысқа кетіп,43-ші жылы февральінда форнты Москвадан 4 сағаттық жердегі Новосокольники селода, Губкова деревняда оққа ұшып қаза тапты.