#qyzylordatv

Биыл елімізде цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп белгіленді. Осы орайда «Amanat» партиясы облыстық филиалының қолдауымен қаламызда әлеуметтік-инновациялық идеялар хакатоны өтті. Жастардың озық ойларын жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін ең үздік жобаға 1 миллион теңге жүлде қаралса, мектеп оқушылары арасында топжарған жеңімпазға Қорқыт ата университетінің білім гранты берілді.

Тың идеялар хакатонына 200-ге жуық қатысушы тіркелген. Олар қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған тың идеяларын ортаға салды. Яғни ІТ және жасанды интеллект саласын меңгерген жастар тұрғын үй, цифрлық медицина, құқықтық көмек, инклюзивті білім беру секілді салаларды дамытуға арналған жобаларын таныстырып, оны арнайы комиссия алдында қорғады. Сарапшылардың сынынан сүрінбей өткен жеңімпазға 1 млн теңге көлемінде сыйақы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім гранты табысталды. Жастарға мұндай мүмкінікті «AMANAT» партиясы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және «Қызылорда hub» орталығы жасап отыр.

ЖАНДОС БАЗАРТАЙ - «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

«Басты сыйлығымыз ең үздік танылған жоба жеңімпазымен келісім шартқа отырып 3 ай көлемінде жобасын қаржыландырып, нәтижесінде шыққан дайын өнімді партиямыздың халықпен жұмыс жасаудағы әлеуметтік бағытта пайдаланатын боламыз, үздік танылған оқушының жобасына Қорқыт ата университетінің 4 жылдық білім гранты тегін оқу 2,5 млн теңге көлемінде оқу ақысы төленетін болады. Бұл жыл сайын дәстүрлі болады. Арнайы комиссия арқылы үздіктер анықталатын болады.»

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде – 1 миллион теңгені алматылық Жолдасбек Маратұлының «Qozy» жобасы иеленді.

ЖОЛДАСБЕК МАРАТҰЛЫ, ХАКАТОН ЖЕҢІМПАЗЫ

«Қозы – балаларға кез келген жастағы адамдарға ағылшын тілін оңай үйренуге арналған платформаның жетекшісімін. Қозы атты жобамды App store Play market дүкендеріне жүктедім,ерекшелігі ойын арқылы үйрене алады. Видео сабақтар, ойындар, мультфильм арқылы бала өзінің деңгейін көтере алады. Білім алуға қолжетімсіз ауылдық жерлерге біз осы платформаны тегін береміз»

Ал ақтөбелік студенттер денсаулық сақтау саласы бойынша сирек кездесетін ауруды ерте анықтайтын цифрлық платформа әзірлесе,қызылордалық колледж студенттері төтенше жағдай кезінде бір батырма арқылы диспетчерге хабар беретін «SOS» құрылғысын ойлап тапқан.

ЕРМҰХАН ТАЛАПОВ, ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 4-КУРС СТУДЕНТІ

«Жоба ақ қан ауруымен ауыратындарға арналған Лейкоз ауруымен анықтайтын, жасанды интеллектпен негізделген дәрігерге көмекші бот болып табылады Қазіргі командамызда жетекшілер бар, өткен жылы Орта Азияның ең үздік 100 жобасына кірген болатынбыз Ақ қан ауруы бар адамды ерте скрининг кезеңінде анықтау, 80% ықтималдықпен анықталып отыр.»

АЙЗЕРЕ АМАНБАЙ, ИСАТАЙ ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ

«Бұл біздің алғашқы жобамыз, бір батырма арқылы көмек, диспетчерге жетуі, қаладағы SOS ерекшелігі үйде де болады, төтенше жағдайға керек JPS арқылы күн энергесиямен, кешке батареямен жұмыс жасайды, өрт жағдайы болған кезде түтіннің иісін ол бірден сезеді, диспетчерге бірден хабар береді, бірден мекен-жайы анықталады, жедел жәрдемге дұрыс мекен-жай бермесек уақыты кешігеді, бұл жерде уақыт үнемделеді.»

Сонымен Қорқыт Ата университетінің 4 жылдық білім гранты – яғни 2,5 миллион теңгелік оқу ақысы «QosQanat» жобасының авторларына бұйырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – бірреттік шара емес. «Amanat» партиясы, Қорқыт Ата университеті және «Қызылорда hub» бірлесіп өткізген хакатон алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын таппақ. Себебі мұндай алаң жастардың ғылыми әлеуетін әлеуметтік мәселені шешуге бағыттап, ел игілігіне қызмет ететін нақты өнімдердің дүниеге келуіне жол ашады.