Қала әкімі Нұржан Ахатов шаһардағы жол инфрақұрылымы нысандарына арнайы барып, жаңғырту жұмыстарының сапалы орындалуына назар аударды. Аймақ басшысы тапсырмаларының қалай іске асырылып жатқанын бақылап, тұрғындармен жүздесті.

Былтыр басталған ірі жобалар биыл да жалғасып, қала көшелері кезең-кезеңімен жаңартылуда. Әсіресе, шет аймақтар мен елдімекендердегі жол сапасына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Нысандарды аралау барысында қала әкімі Жаңақұрылыс-7, Жаңақұрылыс-8, Титов және Мостовая көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Соның ішінде жол сапасы мен асфальт төсеу жұмыстарына баса назар аударды.

НҰРЖАН АХАТОВ, ҚАЛА ӘКІМІ

"Енді биыл 35 млрд 400мың теңге қаражат бөлініп жатыр сол инфақұрылым дамыту бағытында. Жаңа айттық аймақ басшысы негізінен сол саяжайдағыларды шет аймақтардағы халықтар биыл көп көтерді ғо мәселелерді. Кеше жауын-шашын кезіндегі жүре алмай жатырмыз сияқты мәселерді. Осыған байланысты аймақ басшысы нақты тапсырма берді. Қаланың ішіндегі шет аймақтардағы мына қара жолдардың барлығын осылай мүмкіндігінше сай қиыршық таспен төсеп шығайық, асфальт салып шығайық деген сияқты. Сондықтан енді бұл жұмыстардың барлығын енді нәтижесін халық көру керек соған байланысты біз ең негізгі мәселе қазіргі сапасын, дұрыс жасалуын уақытында мерзімді жасап шығуын бәрін уақытылы қадағалайтын боламыз."

Қала әкімімен жүздескен тұрғындар тарапынан бірқатар ұсыныс болды.

СӘМИТ ЕРКЕҒҰЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

"Негізі біз осы көшеде 2018 ден бастап тұрамыз.Біздің алдымызда тұрғандар 10-15 жылдың көлемінде осы жол жаман болған екен. Енді былтырдан бері осы жол салынып, халыққа әйтеуір жақсарып тұр. Бізге тротуар керек болып тұр, жаяу жүргіншіге қиын болып тұр. Осыдан 5 жыл бұрын барып, тас жол салдырдық халық болып арыз жазып, 5 жылдан осы асфальт түсіп жатыр."

Биыл жол-инфрақұрылымы саласында қала мен оған қарасты кенттер мен ауылдық округтер бойынша 21 жоба жүзеге асырылмақ. Яғни бас-аяғы 70 көшеге күрделі жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.