Сыр өңіріндегі №235 мектепте ерекше музей бар. Оның құндылығы - көне жәдігерлер кәдімгі шабандарға салынып сақталады. Шабадандағы музей Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері , ардагер ұстаз Күләш Алматшаеваның жарты ғасырлық еңбегінің жемісі.
Аяулы ұстаздың 75 жастық мерейтойына орай «Ұстаз- мәңгілік шамшырақ» атты салтанатты кеш өтті. Мерейтой иесінің есімі тек ұстаздықпен емес, тарихты тірілткен тағылымымен де танымал. Мәселен ол 50-ден астам ескі шабаданды жәдігерге айналдырып, екі ғасырлық шежірені бүгінгі күнмен жалғап келеді. Көрменің ерекшелігі сол – жәдігерлер сөреде емес, жол шабадандарында. Тіпті, арасында 1941 жылы Алматыда жасалған ескі чемодан да бар. Ішінде майдан даласынан келген шинель, жауынгердің ыдыс аяғы мен неміс пышағына дейін сақталған.
КҮЛӘШ АЛМАТШАҚЫЗЫ, АРДАГЕР ҰСТАЗ
"Мен мектептің тарихын ғана жинап жүргенмін,сосын ұлттық құндылықтарға көштім. Алматы қаласында министерствоға №2 мектепке практикаға бардым. Көп адам біледі Рафика Бекеновна Нуртазина біздің оқулықтардың авторы орыс тілінің авторы және мектеп бақаруды ең бірінші сол кісіден көрдім. + Біздің оқулықтың авторы болғандықтан көп материалдар алып келдім ол жақтан. Ол да біраз жыл керемет дүние болды."
АЙДАНА ЖАУҒАШАРОВА, №235 КӨМЕКБАЙ ҚАРАКӨЗОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
"Өзінің ғибратты өмірімен, өнегелі еңбек жолымен өскелең ұрпаққа өнеге болып жүрген Күләш Алматшақызының әрбір жасаған ұлттық құндылықты насихаттауға жүргізген жұмыстары мұражайға сіңірген еңбегі мектеп үшін сіңірген еңбегі айрықша зор. Күләш Алматшақызының жетекшілік ететін мұражайында мектебіміздің атымен аталатын Көмекбай Қаракөзов атамыздың жеке бұрышынан бастап, ұлттық құндылықтар бұрышы қазақтың салт-дәстүрлерді сөйлететін құндылықтар жәдігерлер көрініс табады."
Бүгінде «Атамекен» мұражайында екі ғасырлық тарихы бар бұйымдар тізіліп тұр. Күләш Алматшаева бұл еңбегімен республикалық коллекционерлер байқауында бас жүлдені иеленген.
Мерейтойлық іс-шарада ұстаз ұлағаты ұлықталып, әннен шашу шашылды.