Қазақстанның жаңа парламенті – Құрылтайға сайлау тамыз айында өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астанада ғалымдарды марапаттау рәсімінде осылай деп мәлімдеді. “Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын”, – деді президент. Яғни партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріліп отыр.