Аймақта мектеп оқушысы қоқысты жасанды интеллект арқылы сұрыптайтын жоба ойлап тапты. Жас өнертапқыштың есімі – Диас Тасболат. Ол қаладағы Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің он бірінші сыныбында оқиды. Тұрмыстық қатты қалдықты кәдеге жаратуды көздеген ізденімпаз туралы келесі бейнематериалымызда.

Диас Тасболат жас та болса экологиялық мәлелерді көп зерттепті. Ізденіс барысында қала сыртындағы полигонды көріп қынжылған. Осылайша қоқыс үйінділерін қолмен ажыратқан қызметкерлердің жұмысын жеңілдету жолын іздей бастаған. Сөйтіп, көкейдегі ойын мектеп мұғалімінің қолдауымен жүзеге асырып, ақылды қоқыс жәшікті ойлап тапты. Экожоба тұрмыстық қалдықтарды ЖИ арқылы ажыратып, әр жәшікке сұрыптап отырады.

ДИАС ТАСБОЛАТ - ЖОБА АВТОРЫ

"Қызылорда қаламыздағы ең үлкен қоқысты сұрыптайтын жер Белкөл кентінде. Ол жердегі үлкен кісілер, қариялар қоқыстарды қолмен сұрыптап жатыр. Мен соны көру арқылы маған сондай идея келді. Осындай қоқыс жәшігін жасау керек екенін."

Жас өнертапқыш осы жобасы жүзеге асса тазалық жұмысшыларының жұмысы жеңілдейтініне сенімді. Себебі, эко жоба өзі қағаз, пластмасс немесе шыны секілді қоқыстарды ажыратып, әр жәшікке сұрыптап отырады. Диастың бұл идеясы былтыр облыстық «Innofest» ІТ байқауында үздік экожоба деп танылып, мыңнан аса қатысушының арасынан топжарды.

СӘБИТ ИБАДУЛЛА ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

"Стартап жобаларымыз Қызылорда облысындағы республика бойынша жақсы орындарды алып келе жатыр.+Өздерінің идеяларын әрі қарай инвестиция салуға, жақсы инвесторларды тартуға жұмыс жасап Астана, Алматы қалаларында өздерінің жобаларын жүзеге асыруда."

Жастардың ІТ саладағы стартап жобаларын қолдауға жыл сайын облыстан 100 миллион теңгеге жуық қаржы қаралады. Бұл жаңашылдыққа ынталы жасөспірімдерің тыңнан түрен салуына қанат бітіруде. Сондықтан, алдағы уақытта Диас секілді білімпаз жастардың ойлап тапқан жаңашылдықтары жоба күйінде қалмай, іске асады деген сенім мол.