Облыс орталығында панкратионнан жасөспірімдер, юниорлар, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Спорттық шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов қатысты.
Жекпе-жек өнері – қазақтың ежелгі тарихынан тамыр тартқан білектілер мен жүректілердің сайысы. Алты күнге жоспарланған ауқымды спорттық шараға еліміздің барлық аймағынан келген 20 команда, 800-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Олар үш жас ерекшелігі бойынша әр түрлі салмақ дәрежесінде жарыс алаңында бақ сынауда. Ал жарыс қорытындысы 13 сәуір күні белгілі болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом және медальдармен марапатталады.
ҚҰРМЕТ КАКИМОВ – ҰЛТТЫҚ ММА ЖӘНЕ ПАНКРАТИОН ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ
"Бұл іріктеу жарысы болып есептеледі. Ел чемпионы болған спортшыларымыз мамыр айында өтетін Ташкент қаласындағы Азия чемпионатына қатысады. Бұл Азия чемпионаты өте маңызды жарыс болып тұр біз үшін. Өйткені аралас жекпе жек тұңғыш рет Азия ойындарына кіріп отыр.Қараша айында Японияда Азия ойындары өтеді. Соған Ташкентте біздің лицензия алған спортшыларымыз еліміздің намысын қорғайтын болады. Және де панкратион UBB-дан әуесқой ММА-дан Вьетнамның Дананг қаласында өтетін маусым айындағы Азия біріншілігіне қатысады бұл жарыста ел чемпионы атанған спортшыларымыз. Және күзде Антальяда өтетін панкратионнан, ММА-дан әлем чемпионатына қатысады."