Ертең облыс орталығында Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ересектер арасында ІІ халықаралық турнир өтеді. Байрақты бәсекенің алдында сала мамандарының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Сыр перзенті Тәйімбет Көмекбаев Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, жаужүрек батылдығымен халықтың құрметіне ие болған азамат. 1945 жылы 10 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағын иеленді. Әлемдік деңгейдегі жарыстың басты мақсаты – батырдың өнегелі өмір жолы мен Отан қорғаудағы жанқиярлық ерлігін дәріптеу.
«Евразия» спорт кешенінде өтетін жарысқа Олимпиада, Әлем, Еуропа, Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады деп жоспарлануда. Жалпы 20-дан астам мемлекеттен команда қатысады деп күтілуде. Атап айтсақ, Әзірбайжан, Бразилия, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Татарстан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Үндістан және еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысады. Олар 10 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
БАХТИЯР АРТАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
"Бүгін әдеттегідей дәстүрлі ІІ жарысымызды өткізіп жатырмыз грек рим күресінен КСРО Одағының батырған Тәйімбет Көмекбаев атамыздың жарысы өтіп жатыр 2 рет дәстүрлі болып. Аллаға шүкір, былтырғы жылы жақсы өтті.Биылғы жылы да жақсы өтеді деген ойдамыз.Биылғы жылы 20-ға жуық мемлекет келіп жатыр өңірімізге.Аржағы Бразиялия бержағы Турция, Тәжістан, Қырғызста, Өзбекстан бауырларымыз жерлестеріміз отыр. Олар өз тараптарынан 2-3 команда алып келген.Сондықтан дода былтырғыдан қызық болады бұйырса."