#qyzylordatv
Кенеден келетін кесел өршіп тұр. Жыл басынан бері облыста 900-ден аса адам зиянкестен зардап шеккен. Соның 8-і Конго-Қырым қанды безгегі ауруына шалдығып, бір науқас қатерлі дерттен көз жұмған.
Жалпы өңірде 111 елді мекен қан сорғыш жәндіктердің ошағы ретінде есепке алынған. Эпизоотологиялық зерттеу жүргізген мамандар аймақта індет тасымалдайтын кененің 16 түрін анықтап отыр. Мәселен, былтыр жыл бойы Конго-Қырым қызбасы бойынша 9 дерек тіркелсе, биыл 6 айда 8 адам қауіпті індетке шалдыққан. Қазіргі таңда әлі екі науқас аураханада амбулаториялық ем алып, дәрігерлердің бақылауында. Эпидемиологтар далалық жерде кенеден сақ болуға шақырады.
МИРА БОРАНБАЕВА – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ //Көпшілігінде далалық жұмыспен айналысатындар ауырып жатыр. Енді үстіндегі кенені қолымен жұлып тастай салады. Дер кезінде медициналық көмекке қаралмайды. Ауырғаннан кейін барып дәрігерге қаралып жатыр.//