#qyzylordatv #тазақазақстан
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Арал ауданында жалпыхалықтық сенбілік өтті.
Тұрғындар ұйымшылдықпен орталық көшелердегі жаяу жүргіншілер жолы мен балаларға арналған ойын алаңын сыпырып, шашылған қоқыстарды жинап шықты. Одан соң жол жиегіндегі бордюрлар мен аялдамалар сырланып, арнайы техникалардың көмегімен қоқыс тастауға арналған орындар ретке келтірілді. Жаңадан егілген ағаш көшеттерінің түптері әктеліп, суарылды.
Сондай-ақ, бұл күні Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты «Аққұмшық» жағажайында да сенбілік ұйымдастырылды. Тазалықшылар жағаға шығып қалған шөп-шалаң мен тұрмыстық қатты қалдықтарды жүк көлігіне тиеп, арнайы қоқыс төгетін орынға апарды. Айта кетейік, жыл басынан бері Қамбаш көлінің жағалауынан 60 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Бұл жұмыстар бір реттік емес, жыл бойы жалғасады, - дейді ұйымдастырушылар.
АЗАТ БАЛМЫРЗАЕВА – ҚАМЫСТЫБАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ // «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бізде аптаның 1,5,6 күндері сенбілік ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта 26 кәсіпкер бар. Әрбір көлге келген қонақтарымызға тазалықты сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Оларға қатысты бізде билбордтар ілінген. Шығарылған қоқыстар арнайы қазылған орынға апарылып төгіледі. Бізде көбіне толқын болғанда шалаңдар жиекке шығып қалады. Онан бөлек, пластикалық ыдыстар.//