#qyzylordatv
Жыл басынан бері облыс аумағында жол көлік оқиғасынан 49 адам қаза тапты. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі Қызылорда-Ақтөбе республикалық маңызы бар автодәлізінде орын алып отыр.
Осы орайда облыстық полиция департаменті трассадағы көлік қозғалысын әуеден бақылайтын дрондарды көбейтіп жатыр. Себебі соңғы алты айда ұшу аппаратының көмегімен 86 құқық бұзушылық анықталса, оның көбі қауіпті маневр жасағандар, дейді полицейлер.
РАУАН ӘЛДЕШОВ – ОПД ЖПҚ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Қызылорда-Ақтөбе бағытын тәулігіне 10 мың көлік жүріп өтеді. Трасса екінші категориялық болғандықтан көліктер алдындағы көлікті басып озамын деп қарсы бетке шығуы салдарынан жол көлік оқиғалары орын алып жатыр. Қазіргі таңда трассадағы патрульдік полиция қызметкерлеріне 3 ұшу аппараты берілген. Ұшу аппараты жол көлік оқиғаларының алдын алуға үлкен септігін тигізуде және уақытты да үнемдеп жатыр. Осыған сәйкес, тағы да қосымша 5 дана аталған құрылғына сатып алу жөнінде ұсыныс келтіріліп, қазіргі таңда қолдау тапты. Қазір сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.//