#qyzylordatv

Қызылордада нақты жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны артқан. Қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі жарты жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялады. Тілшіміз Шакизат Жалғасқызы жалғастырсын.

 Қазір кәсіптен нәсібін табам деген жанға қаржылық жағынан қолжетімді бағдарламалар да, мүмкіндік те мол. Соның нәтижесінде қызылордалық кәсіпкерлер саны көбейіп, сәйкесінше өндіріс көлемі де артқан. Нақтырақ айтсақ, жыл басынан бері 721 млрд 913 млн теңгеге өнім өндіріліп, өсім 38,4 пайызды құрап отыр.

  МҰХТАР ЖЕТІЛГЕНОВ - ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 Алты айдың көлемімен сауда айналымы 167 млрд 581 млн теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 103,9 пайызды құрап отыр, өңдеу өнеркәсібі алты айда 38 млрд құрады, өткен жылмен айырмашылығы 107,5 пайызды құрап отыр.

Бас шаһарымызға тартылған инвестиция көлемі де айтарлықтай артқан. Соның арқасында биыл 13 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде заманауи кірпіш зауыты, нан-тоқаш кондитерлік өнім шығару кешені, вагон жөндеу депосы мен жиһаз цехы іске қосылып, жұмыс жасауда. Жыл соңына дейін қағаз бен картон, айна шығаратын зауыт және тағы да бірнеше өндіріс орталықтары жұмысын бастайды.

МҰХТАР ЖЕТІЛГЕНОВ - ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Болашақта «Севен Риверс» деген үлкен Германия технологиясымен шыны сынықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату үлкен зауыты 27-інші жылы іске қосылады, биыл фундаментін көтеріп, қаңқасын қойып, құрылыс жүріп жатыр. Қызылорда қаласы сол жағалауында жаңа автовокзал тұсында «Техостнастка-Ремсервис» серіктестігінің жетекшілігінде және эцпк Байқоңыр бірлесе қазір стационарлы базардың құрылысы жүріп жатыр, екі этажды, қасында пром база және қойма сақтау ғимараты салынып жатыр, екі ғимарат қасында тағы «Тұмар» жеке кәсіпкерлігі, Бұдан бөлек Белкөлден шыға берісте«Уиз ю» Оңтүстік Корея технологиясымен қатты қалдықтарды сұрыптау және өңдеу екі кезең бойынша жаңа зауыт іске қосылады, қазір төрт гектар жері берілді, қазір фундаменті құрып жатыр,

 Сондай-ақ, сол жағалауда онкологиялық ауруларды анықтау, алдын-алуға арналған жаңа медициналық орталық ашылады. Жоба Туркиялық инвесторлар арқылы жүзеге асады. Бұған қоса, қалада сауда базарларын жаңғырту жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

 МҰХТАР ЖЕТІЛГЕНОВ - ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 Ашық базарларға 31 желтоқсанға дейін жұмыстары жабық базарға ауысу соны біз модернизация жұмыстарын деп айтамыз, сол қазір жүріп жатыр. Жаңа базар артында «Атамекен» мен ашық базар бар болатын ол жақтада, қазір жерін тегістеп, құрылысы күзде басталып, жаңа жылға дейін аяқталатын болады. Біздің қалада қазір тіркелген ресми 12 базар жұмыс жасап тұр.

Тұрақты бизнес пен кәсіпкерлік бастамаларды қаржыландыру шаралары да оң нәтижесін беріп жатыр. Соңғы алты айда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 34 кәсіпкер жеңілдетілген несие алған.