#qyzylordatv

 Иә, жолдың жайын жүрген білер. Аймақ дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – осы көлік инфрақұрылымының дамуы, оның ішінде жолаушылар тасымалы. Көлік қатынасын жүйелеудің нәтижесінде бүгінде жолаушылар тасымалының сапасы айтарлықтай артқан. Асылзат Жолдасқызының сюжетіне зер салайық.

Өңірімізде жолаушылардың саны да, оларға көрсетілетін қызметтің әлеуеті де артып келеді. Қазіргі уақытта облыста 200-ден астам тұрақты жолаушылар бағыты ұйымдастырылған. Оның ішінде ауданаралық, ауданішілік, қалаішілік және қала маңына қатынайтын бағыттар бар. Сонымен қатар, еліміздің ірі қалаларына және Ташкентке дейін қатынайтын облысаралық және халықаралық бағыттар да халыққа тұрақты қызмет көрсетіп отыр. Жалпы қаңтар-мамыр айларында 17,8 млн жолаушы тасымалданған.

 ЖӘНІБЕК СЫЗДЫҚОВ — ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ / Оның 71 маршруты қалааралық, аудандық 99 маршрут және қала ішілік 32 маршрут ұйымдастырылған. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе сынды облыс орталықтарына 13 автобус маршруты ұйымдастырылған. Қызылорда облысында 8 автостанция бар және 2 автовокзал бар //

Өңірдің сауда-экономикалық және туристік әлеуетін дамытуға әуе қатынасы сеп болуда. Жаңа терминалда халықаралық стандартқа сай барлық жағдай қарастырылған

 ЖӘНІБЕК СЫЗДЫҚОВ — ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Осыған дейін жылына 300 мың жолаушы тасылып келсе, енді 2 млн үстіне дейін жолаушы тасымалдайды, өсім болады деп күтіп отырмыз. Жүк тасымалдау бойынша айта кетсем, осы кезге дейін ескі терминал 130-150 тоннаға дейін тасылса жүк, енді 250-240 тасылады деп күтудеміз. Бүгінгі күні жаңа әуежайымыздан 37 рейс қатынап тұр аптасына, екі есеге өсті//

 Басқарма басшысы темір жол вокзалдары мен қызмет көрсету бекеттерін жаңарту жұмыстары туралы да айтып берді.

 ЖӘНІБЕК СЫЗДЫҚОВ — ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Барлығы облыс аумағынан 14 жүк пойызы өтеді. Оның ішінде облыс орталығынан Петропавлск, Павлодар, Көкшетау, Семей жэәне Түркістан қалаларына 5 жұп пойыз ұйымдастырылған. Және әлеуметтік маңызы бар Қызылорда-Бесарық жолаушылар пойызы облысымыздың оңтүстік бағытына 26 елді мекенге қызмет көрсетуде. 2023 те вокзал күрделі жөндеуден өткен болатын, қазір жан-жағын абаттаныдырып ,керемет ғимараттардың бірі болып тұр //

Осылайша көлік логистика саласы – өңірімізде қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі деуге толық негіз бар..