#qyzylordatv
Аптап ыстықта су айдындары аймақ тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналады. Алайда шомылу маусымы қызған шақта су жағасындағы демалыстың тек жайлы ғана емес, ең алдымен қауіпсіз болуын ұмытпаған абзал.
Шіліңгір шілдеде алаңсыз суға түсіп, күнге қыздырынғанға не жетсін! Осындайда көпшілік қауіпсіздік жағын ескере бермейді. Сондықтан құтқарушылар, еріктілер мен Ұлттық ұлан сарбаздарына жағажайларды жаяу шарлап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Кейде тіпті суға батып бара жатқан адамды құтқаратын кездер болады.
Демалушыларға құтқарушылар арнайы жадынамалар таратуда. Онда судағы қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдай туындаған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары жазылған.
Жыл басынан бері өңірде шомылуға тыйым салынған 63 аумақ белгіленіп, 400-ге жуық ескерту тақтайшасы орнатылды. 24 мобильді кезекші бекет жасақталып, 571 рет рейд жүргізілген.