#qyzylordatv
Көрнекті күйші Мырза Тоқтаболатұлының 175 жылдығына орай «Сыр толқыны» атты ІІ-ші республикалық күйшілер конкурсы өтті. Жас таланттардың бас қосқан байқауда қызылордалық Досымжан Махамбетхан бас жүлдені еншіледі. Күй күмбірлеген өнер кешінен тілшіміз тарқатады.
Мырза Тоқтаболатұлы Сыр бойындағы күйшілік өнердің көрнекті өкілі. Десе де, ел ішінде «Асанқайғы», «Бұғының күйі», «Баулы ешкі», «Ташауыз» сынды жиырмадан аса шығармасы ғана орындалып жүр. Оның барлығы да құрылымы жағынан ерекше.
ТӨЛЕПБЕРГЕН ТОҚЖАНОВ - КҮЙШІ-КОМПОЗИТОР, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ Мырзадай күйшіде күй өте көп болуы тиіс. Әртүрлі тақырыпта, әртүрлі жанрда күй шығарған. Бірақ бүгінгі күні сахнада орындалып жүргені 25-30-дың аумағында ғана. Күй өте дәмді, тәтті. Күйлерінің көбісі күрделі қатарына жатады.
«Сыр толқыны» атты II республикалық күйшілер байқауы биыл аймақта екінші рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрі өнер додасына 10 өңірден арнайы іріктеуден өткен 24 талантты күйші қатысты. Олар алғашқы кезеңде Шалмырзаның шығармаларын, кейін Шығыс, Жетісу, Маңғыстау, Батыс мектептерінің күйлерін орындады. Қатысушыларға академик Төлепберген Тоқжанов бастаған қазылар алқасы төрелік етті.
Өнер бәйгесі Шалмырза мен Сырбойындағы дәулескер күйшілердің шығармаларын кеңінен насихаттауға, жас таланттарды тайында тануға мүмкіндік беріп отыр. Солардың ішінен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің 4-ші курс студенті Досымжан Махамбетхан бас жүлдені еншілеп, аймақ мерейін асырды.
ДОСЫМЖАН МАХАМБЕТХАН – БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ /// Жалпы, сыр күйлерінің ерекшелігі көбіне мақамдар кездеседі. Сол себепті барлығы бір сарында,мақам секілді ойналады. Осынысымен күрделі. / байқау жоғары деңгейде өтті. Дайындығымыз өте жоғары деңгейде болды. Жан-жақтан келген қатысушылардың барлығы да жеңіске лайық.
Осылайша, дәстүрлі өнерді дәріптеген күй кеш өз мәресіне жетті. Айта кетейік, «Сыр толқыны» республикалық күй додасы келер жылы да жалғасын таппақ.