#qyzylordatv

Ауыр атлетикадан жастар және жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында сырбойылық спортшылар сәтті өнер көрсетті. Жас зілтеміршілер үш алтын, бір күміс, 4 қола медаль еншіліп, аймақ мерейін асырды.

Астана қаласындағы дүбірлі додада олжа салған толағайларды жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алып, оларға ерекше құрмет көрсетті.

88 келі салмақта өнер көрсеткен Ерасыл Сәулебеков қоссайыс нәтижесінде 344 келіні бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, Ернұр Мырзахмет 71 келі салмақ дәрежесінде, 65 келіде Ерсейіт Бейбарыс, 56 келіде Қайсар Мысырбек өнер көрсетіп, барлығы да ел қоржынына қола медаль салды.

ЕРНҰР МЫРЗАХМЕТ - АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ /Мен 71 келі өнер көрсеттім. Мен қоссайыста 3-ші орынды иелендім/ алдағы мақсаттар осы жылдың аяғында Азия ойындары болады. Енді дайындық соған.

СНХ: ЕРСЕЙІТ БЕЙБАРЫС - АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ //Салмақ дәреже 65 келі. Жаңа салмақ. Соған шықтым. Өкінішке орай, жеңімпаз бола алмадым. Алда Азия ойындары бар. Соған жақсылап дайындалып, жақсы нәтиже көрсетемін деп сенемін.

 Ал, Аянат Жұмағали 77 келі салмақ дәрежесінде қоссайыстың жалпы қорытындысы бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Салтанатты күтіп алу шарасына ата-аналар, спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты. Өз кезегінде жанкүйерлер жеңімпаз спортшылардың алдағы жарыстарына сәттілік тілеп, әлемдік бәсекелердің биік шыңдарын бағындыра берсін деп тілек білдірді.