Экономиканың негізгі салаларында оң динамика қалыптасқан
#qyzylordatv
Бүгін Үкімет отырысында 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Жиыннан соң облыс әкімі күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша арнайы мәжіліс өткізіп, жауапты сала басшыларының есебін тыңдады.
Облыста 7 айдың қорытындысымен экономиканың барлық саласында оң динамика қалыптасқан. Атап айтсақ, өнеркәсіп өндірісі 4,7 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 13,7 ауыл шаруашылығының өнімі 3,2 негізгі капиталға тартылған инвестициялар 6,1 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 34,9 пайызға және пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 2 пайызға артып отыр. Биыл облыста 12 жоба іске қосылады деп күтілуде. Мұнан бөлек, жұмыс істеп тұрған бірнеше кәсіпорын заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар орнатып, өндіріс көлемін арттырмақ ниетте. Жиында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
ЖАНАР БЕРДЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Мысалы шыны зауыты өзінің өндіріс көлемін биыл 27 пайызға өсіруді жоспарлап отыр....
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ
Жылдың қорытындысымен айтқан баяндамаңызды салыстырамыз...
Ендігі міндет 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамын бекіту. Осыған байланысты басқарма басшылары алдағы екі жылда жүзеге асуға тиіс жобаларды ұсынды.