Негізгі Жаңалықтар Қажылыққа аттанған турист Қызылордаға аялдады

Қажылыққа аттанған турист Қызылордаға аялдады

#qyzylordatv 

Өзбекстандық Мұхаммедәлі Хатамов Меккеге велосипедпен бара жатыр. Қағбаны бетке алған 49 жастағы азамат 15 күн бұрын туған жері Ташкент облысы, Қыбырай ауданынан жалғыз өзі жолға шыққан. Сыр еліне жеткен саяхатшымен арнамыздың тілшілері сұқбаттасты. Сюжетті назарларыңызға ұсынамыз.


Мұхаммедәлі Хатамов осымен үшінші мәрте Меккеге бара жатыр. Қос дөңгелекті көлікті тізгіндеген ол бұл жолғы сапардың жөні бөлек екенін айтады. Себебі, қазақстандық досы қасиетті мекенге баруға қолқа салған. Алайда, серік болып баруға серттескен Салымбай есімді жолдасы күтпеген жерден бақилық болыпты. Бауырын ақтық сапарға аттандырған ол айшылық алыс жерге баруға жалғыз өзі жолға шыққан.


 МҰХАММЕДӘЛІ ХАТАМОВ – САЯХАТШЫ 

 Мехман болып келіп шақырған кезде жүр меккеге барамыз. Жаннаттың сауабына ие боламыз, сен велосипедпен екі мәрте барып келдің. Мен бір мәрте барайын, дегені үшін жарайды мен барамын, деп барлық жұмысты ысырып, дайындалдық. Бұл досымның әкесінің велосипеді, жайнамаз, Қазақстанның туы досымның заты болатын. Енді сол қайтыс болған кезде қызмет етіп, жолға шықтым. 


 Қажылық сапардан қажымаған жолаушының жолда жүргеніне 15 күн болыпты. Тәулігіне шамамен 100 шақырымды еңсеріп келеді. Болжамы бойынша 95 күн, яғни 3 жарым айда Меккеге жетуді жоспарлап отыр. 


 МҰХАММЕДӘЛІ ХАТАМОВ – САЯХАТШЫ 

Через Россия, Астраханьға кіріп, Дагестан, Чечня, Грузия, Турцияға өтеміз, Турциядан Иранға паронмен өтіп кетеміз, Меккеге кіріп барамыз Алла бұйырса. 


Мұхаммедәлі көбіне жолда арнайы палаткаға түнейді. Ол үшін құрал-сайманын сайлап, асу-суын жайлап шыққан. Қажет кезде қонақ үйге тұрақтап, жайлы төсекте тынығып аламын дейді. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар