#qyzylordatv #тазақазақстан

Қызылордалық полицейлер «Таза Қазақстан» акциясы аясында 7200-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Заңбұзушылыққа жол берген тұлғалар әкімшіліқ жауапкершілікке тартылды.

 Атап айтқанда, абаттандыру қағидаларын бұзудың 4327, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 2898 дерегі анықталып, жалпы 56 млн теңгедей айыппұл салынды.

         «Таза Қазақстан» акциясы - еліміздің әр өңірінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және тұрғындарды іске тарту арқылы қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған. Жалпы өңірде "Таза Қазақстан" республикалық акциясына 23 мобильді топ құрылып, төрт мыңнан астам бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізілген. Нәтижесінде 418 стихиялық қоқыс орындары анықталды.