#qyzylordatv

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов және Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданындағы Шаған ауылдық ауруханасына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Тақырыпты тілшіміз тарқатсын.

 Бүгінде аурухана ғимаратының жылу-электр, кәріз желілері қайта жаңғыртылып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

 Мәжілісмендер кент маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында болды. Өндіріс орнында күніне 3 тоннаға дейін қоқыс сұрыпталады. Оған 7 адам және 3 техника жұмылдырылған.

 Депутаттар Асқар Тоқмағамбетов атындағы ауылға да барды. Онда тұрғындармен кездесіп, пікіралмасты.

Жалпы елді мекендерді аралау барысында тұрғындар тарапынан көбіне әлеуметтік мәселелер көтерілді.

 Парламент Мәжілісінің депутаттарының Сыр еліне сапары әлі де жалғасады.