#qyzylordatv
Үкімет коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруді кейінге қалдырды. Бұл инфляция өскен сайын бағаның шарықтап кетпеуі үшін жасалып отыр. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар да назардан тыс қалмайды.
Екі ай бұрын азық-түлік шамамен 1 жарым пайызға қымбаттаса, мониторинг жұмыстарынан кейін бірден жарты пайызға азайды. Үкіметтің есебінше, әсіресе, картоп, сәбіз арзандай бастаған. Енді күріш, жұмыртқа, ұнның да қаншадан сатылып жатқаны қадағаланады. Азық-түліктің арзандауына отандық өндірістің өркендеуі әсер етіп отыр. Жарты жылда кәсіпкерлер 64 тонна қант, 1 жарым миллион тоннадай ұн сатқан.