#qyzylordatv

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бітіруші түлектерге диплом табыстады. Биылғы оқу жылын 200-ге тарта түлек үздік дипломмен аяқтап отыр.

 Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 10 мыңнан аса білім алушы бар. Биыл университетті 2579 түлек тәмамдап отыр. Оның ішінде 2336-сы - бакалавриат, 243-і - магистратура бағдарламасы бойынша білім алған.

ДИЛЬНАЗ НҰРЛАНҚЫЗЫ - БІТІРУШІ ТҮЛЕК /// Қорқыт ата атындағы университетін музыкалық білім мамандығын бітіріп жатырмын. Мен үшін бүгін өте ерекше күн болып тұр. Ұстаздарымызға алғысымызды айтамыз.

 Университеттің ғылыми-техникалық базасы нығайып келеді. Ынтымақтастық аясында талантты жастар әлемдегі озық оқу орындарында білімін жетілдіріп жатыр. Сондай-ақ, Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті мен Қызылорда университеті арасында қос диплом бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау мәселесі жолға қойылды.

 БЕЙБІТКҮЛ КӘРІМОВА – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР / биылғы оқу жылынан бастап, "AI architect", "Data management" мамандықтары бойынша қос дипломды бағдарламасы іске қосылмақ. Соған қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Университетте болып жатқан өзгерістің барлығы ҚР министрліктің қолдауының арқасында жақсы өзгерістер орын алуда.

ЕРЛАН ӘБІЛ - ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ // алға қойған мақсаттарға жету үшін

 Осылайша, білім ошағынан тағы да бір буын қанат қақты. Енді әрбір маман өз саласы бойынша жемісті қызмет атқарады деген сенім мол.