#qyzylordatv
Қызылордада футзалдан халықаралық турнир өтті. Оған қазақстандық аяқдопшылармен қатар Қырғызстан және Өзбекстан спортшылары қатысты.
Жарыста 20 команда өзара 4 топқа бөлініп ойнады. Топтан үздік шыққандары плей-оффта өнер көрсетті. Ал, жартылай финалда қырғыздың «АКФА» командасы Атыраудың «Жаханын» жеңіп финалға жолдама алса, екінші кіші финалда Шиелі ауданының «Алтын айдарлы» командасы «Қожамберді Қызылордадан» басым түсті. Қола үшін таласта «Жахан» тобы «Қожамберді Қызылорданы» жеңіп жүлделі үшінші орынға ие болды. Ал, финалдық матчта «АКФА» командасының мерейі үстем болды. Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне арнайы кубок, медальдар мен қаржылай сыйақылар табысталды.