#qyzylordatv

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының «Ұнайды маған» мегажобасының іріктеу кезеңі өңірлерде жалғасып жатыр. Тележобаға кезекті кастинг Қызылорда қаласында өтті.

Өнер бәйгесіне жасы 18-ден асқан ерекше талант иелері қатысуы шарт. Облыс орталығында өткен кастингке 14 адам тіркелді. Әр үміткер камера алдында 2 ән орындады. Талап бойынша, бір ән міндетті түрде қазақ тілінде орындау керек, ал екінші туындыны өз қалауы бойынша таңдайды. Айта кетейік, байқауға іріктеу еліміздің ірі қалалары мен облыстарында ұйымдастырылуда. Сыннан сүрінбей өткендер телевизиялық жобаға шақырту алады.