#qyzylordatv
Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Әбенов Жалағаш ауданына болып, диқандардың тыныс-тіршілігімен танысты.
Қос депутат алдымен жаңадан ашылған «Руханият» орталығының жұмысын көрді. Келбеті келісті нысанда неке қию залы, кітапхана, музей, архив, ардагерлер мен аналар үйі, сондай-ақ, жастардың жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Әсіресе, ауданның төл тарихын қаттауға, көненің көзіндей болған жәдігерлерді сақтауға жағдай жасалған. Бүгінде мәдени-тарихи маңызды нысан халық игілігі үшін кызмет көрсетіп келеді. Ауданның егін шаруасы да ширақ.
МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ // Бізде екі айдай каникул дейміз, Сыр елінен сайланған депутаттар елде не істеліп жатыр, қандай мәселелер бар, Жалағаш ауданына келіп жатырмыз. Жалағаш ауданында жетістіктер жеткілікті. Былтыр гектарынан 60 центнерден өнім алса, кейбір шаруашылықтарда 100 центнерден алған екен. Суды үнемдеуге байланысты үлкен тәжірибелері бар. Елдің ішіндегі қордаланған мәселелердің түйіні тарқатылып, нақты нәтижелерге жетелейтін жобалар қолға алынып отыр. Бұл қуантады//
Мәжіліс депутаттары Мақпалкөл ауылындағы егіс алқабында болды. Онда 12 гектар жерге бау-бақша егілген. Атап айтқанда, 8 гектарына картоп тұқымы тасталса, қалған аумақта қауын-қарбыз, әңгелек пісіп жатыр. Ең бастысы шаруалар суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару әдісін пайдалануда. Ал, жерді лазермен тегістеп алған..
НҰРЛАН МӘУЛЕНҰЛЫ – ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БРИГАДИРІ // Өзінің сажалкасы бар. Бәрінің арнайы техникасы бар. Қауын-қарбыздың бірнеше сорты бар. Бақшада 10 адам жұмыс жасап жатырмыз. Өнімді өзіміздің өңірге өткізіп жатырмыз. Екіге бөліп ектік. Бұйырса тамызда өнім аламыз деп отырмыз//
Халық қалаулылары шаруа адамдарының бейнеткештігі мен табандылығына ризашылығын білдірді.