#qyzylordatv
Заңсыз көші-қонды болдырмау, алдын алу және анықтау мақсатында «Мигрант» іс-шарасы өтті. Нәтижесінде қызылордалық полицейлер 153 құқықбұзушылықты анықтады.
Оның ішінде шетел азаматтарымен жасалған 100 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 15 шетелдік республика аумағынан шығарылып,бес жылға дейін елге кіруге тыйым салынды. Сондай-ақ, көші-қон ережелерін сақтамай,еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Қазақстан Республикасының 53 азаматына әкімшілік шара қолданылды.
СӘБИТ САТҚАНБАЙ – ОПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Аталған іс-шара аясында шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту,іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекенжайларын,салынып жатқан құрылыс нысандарын, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдттік іс-шаралар жүргізілуде. Іс шараның екі күнінде барлығы 153 құқық бұзушылық анықталды. Құрметті облыс тұрғындары, алдағы уақытта шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға шақырамыз.