#qyzylordatv

 Соңғы уақытта Қорқыт ата университеті инновациялық әрі инвестициялық бағытта табысты жұмыс істеп келеді. Жоғары білім ошағы оқу бағдарламасын қайта қарап, заман талабына сай жаңғыртты. Университеттің соңғы жаңалықтары мен жарқын бастамаларымен Мәжіліс депутаттары да арнайы барып танысты.

 Қорқыт ата университетінің статусы жыл өткен сайын көтерілуде. Ғылыми зерттеу, пәндік оқыту, өндіріспен дуалды оқыту, халықаралық ынтымақтастықты күшейту бағытында ауыз толтырып айтар жетістік бар.

 Ел Президентінің Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, әлеуметтік оптимизм жолдауында елдің кадрлық потенциалын көтеру, білім сапасын жаңа деңгейге шығару, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру талабы көтерілген болатын. Қорқыт ата университеті осы ұстаным аясында айтулы жетістіктерге қол жеткізді.

 Қорқыт ата университеті инновациялық әрі инвестициялық бағытта табысты жұмыс істеп келеді. Жоғары білім ошағы оқу бағдарламасын қайта қарап, заман талабына сай жаңғыртты. Университет ұстаздарының ғылыми еңбектері әлемдік қауымдастықта жоғары бағалануда, студенттердің тың ізденістері, басқа да шет елдік университеттермен байланыс – бәрі-бәрі жоғары білім стандартын көтеруге мүмкіндік беруде

Мұның бәрі студенттер үшін аталған университеттің дипломы мен білімінің еңбек рыногында қашанда сұранысқа ие екендігін айқын дәлелдейді. Айтпақшы, қазір университетке оқу үшін құжаттар қабылдануда, олардың ішінде магистратура мен докторантураға түсуге ықылас танытқандардың да қатары қалың.