#qyzylordatv
Қаламызда заман талабына сай жылу электр орталығы салынып жатыр. Нысан құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, қызылордалықтар келер жылу маусымында жаңа орталықтың игілігін көрмек.
Құрылыс алаңына қазіргі таңда 1200-ден астам жұмысшы мен 130 техника жұмылдырылған. Жобаның жалпы құны - 215 млрд теңге. Орталық түгелдей түркиялық инвестордың қаржысына салынып жатыр.
ТАХИР НӘДІРБЕК — ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
// // Бүгінгі таңда « Aksa» мекемесі тарапынан 137 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл қаржыға бізде қазіргі таңда жоба аясында салынатын негізгі қондырғылардың бірі 180 мегаваттық 2 дана газ турбиналық қондырғысы. Сонымен қатар 95 мегаваттық бу турбинасы. Және де қуаттылығы 120 тонна сағатын құрайтын 2 дана бу қазандығы. Қазіргі таңда құрылыстың 70 пайызы аяқталды //
Осылайша басталған істің көбі бітіп, азы қалды. Ал, облыс орталығын ыстық сумен қамту мәселесіне келсек,
ТАХИР НӘДІРБЕК — ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ //2023 жылы мемлекет басшысының Қызылорда облысына іс-сапары кезінде мемлекет басшысының тапсырмаларының бірі болып саналады. Яғни 2025 жылдың соңына дейін Қызыорда қаласын осы орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету. Сол тараптан қазіргі таңда 423 үйге ыстық су жүргізу жобасы әзірленді. Ол 26,2 млрд теңгені құрайды. Жұмыстар екі кезеңмен жоспарланды. 187 үй бірінші кезекке кірді. Қазіргі таңда тұрғын үйлерге толығымен ыстық су жүйесі орнатылды.//