#qyzylordatv

Еңбек майталмандары марапатталды. Су және балық шаруашылығы, малшылар мен ветеринария саласында қызмет атқаратын мамандарға құрмет көрсетілді. Мерейлі мезетте мұрабтар мен мал дәрігерлері қызметтік көлік мінді. Сондай-ақ, сала үздіктері «Парасат», «Құрмет» орденімен наградталса, енді бірі«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалін, салалық министрліктің төсбелгісін кеудесіне тақты. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

 Біздің өңірдің өзегі осы өзенге байланған. Сырдария суының 90 пайыздан астамы шекара асып келетінін ескерсек, оны тиімді пайдаланудың маңызы зор. Сондықтан су үнемдеу технологияларын қолданысқа енгізу, су жүйелерін цифрландыру, тамшылатып суару көлемін ұлғайту бүгінгі бүгіннің басты мәселесі.

 НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ /// өңірде жыл сайын 190 мың гектарға А/Ш дақылдары орналастырылады. Аймақтың негізгі дақылы күріш 80-89 мың гектар аралығында егіулде. Мемлекет басшымыздың ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 5 жылда 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, аймақта су үнемдейтін озық технологияны қолдану көрсеткіші 8 мыңнан аса гектарға жеткізілді.

 Қолда бар тіршілік нәрін тиімді тұтыну мұрабтар біліктілігіне байланысты. Мамандардың мәртебесін көтеріп, материалдық жағдайын жақсартуға аймақта айрықша ден қойылып отыр. Кәсіби мерекеге орай «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалына 42, «Сыр суы» мекемесіне 23 арнайы техника табысталды. Айта кету керек, жыл соңына дейін тағы да техникалар жеткізілмек.

 АЙДОС АСАНБАЕВ – «ҚАЗСУШАР» РМК ҚОФ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /// Жалпы, мынау біздің филиалдағы техникалардың пайдалану мерзімі 10-20 жыл аралығын құрайтын тұғын. Арнайы техникалардың келуімен облыс аумағындағы су шаруашылығы нысандарын қалыпты және қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.