#qyzylordatv

Тәуелсіздік даңғылы Әбілхайыр хан көшесінен бастап Саламатов көшесіне дейін ұзартылып жатыр. Жаңадан салынып жатқан жол 3 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарын қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр.

 Сырдария өзенін жағалай салынып жатқан жолда жұмыс қызу. 3 шақырым жолдың қазір 1 шақырымына қиыршық тас төселіп, 500 метріне екі қабат асфальт төселген. Ал, қалған аумағында жерді нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Оған 80 жұмысшы мен 70 арнайы техника жұмылдырылған. Жоспарға сәйкес даңғыл 4 жолақты болады және жаяу жүргіншілер жолы мен веложолақ қарастырылған. Көше толықтай жарықтандырылады.

 Бұдан бөлек, 7 жарым млрд теңгеге қаладағы тағы 17 көшені күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Олардың бірқатарында жұмыстар аяқталып, қоланысқа берілді. Атап айтқанда…

 Жол жөндеу жұмыстарымен қатар биыл шаһарда 3 көпірдің құрылысы басталса, оның біреуі салынып бітті. Ал, қалған екеуінің құрылысы жуық арада аяқталады деп күтілуде.

 Жолдар жөнделіп, көпірлер ел игілігіне табысталған соң қалада көлік қозғалысы жүйеленіп, кептеліс азаймақ.