#qyzylordatv
Бес жыл бұрын саяси реформалар аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмін енгізу туралы бастама көтерді. Соның нәтижесін мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграмда жазды.
Мысалға, кейінгі жылдары ауыл әкімдерінің корпусы 100 пайыз жаңартылды. Барлық 17 облыста жалпы саны үш мыңға жуық әкім сайланды. Олардың 800-ден астамы– өзін-өзі ұсынған үміткерлер, ал 283-і – әйелдер. Жаңа әкімдердің басым бөлігі бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемегенін, айта кету керек. Ауыл әкімдерінің орташа жасы – 44. Былтыр барлық өңірде 45 аудан әкімін сайлау пилоттық режимде өтті. Ал биылдан бастап қазіргі аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің өкілеттіктері аяқталуына қарай, сайлау тікелей дауыс беру арқылы өткізіледі. Осылайша, Қазақстанда саяси реформаларды жүзеге асыру үдерісі жалғасып, мемлекеттік қызмет саласында түбегейлі өзгерістер жасалып жатыр.