#qyzylordatv

 Қаламыздағы №15 мектеп лицей күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Парламент мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев білім ошағында болып, жұмыс қарқынын көрді.

  Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицей қолданысқа 1974 жылы берілген. Содан бері білім ошағы алғаш рет жаңғыртылуда.

 КАБИРА ТІЛЕУОВА - М.ДҮЙСЕНОВ АТЫНДАҒЫ №15 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫ

Бұрыңғы балалар ауруханасы,2001 жылдан бастап №15 мектеп-лицей, бейімделген мектеп ретінде оқып жатырмыз, балалар қазіргі саны – 709 бала білім алуда, мектеп-лицейдің ерекшелігі – балалар бесінші сыныптан бастап қабылданады, биылғы он бірінші сыныптар өте жақсы аяқтады, 95 бала мектеп бітірсе, оның 11-і алтын белгі, 17 оқушы үздік аттестат бітіріп жатыр, әрине, күрделі жөнделгеннен кейін жаңа мектепке үлкен жақсы жетістікке жететін боламыз деп ойлаймын

 Бүгінге дейін ғимараттың электр желілері толықтай жаңартылып, қазір қабырғаларды тегістеу, сырлау сынды ішкі жұмыстары қарқын алған.

 МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

 Аманат партиямыздың сайлау алды бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстардың қалай атқарылды,нәтижесі қалай соны бақылау мәселесімен жүрміз, күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерді қарап жатырмыз. Жоба бойынша енді жұмыстар бойынша атқарылып жатыр, біз мердігерге ұсыныс беріп жатырмыз, тек бюджет,жоба арқылы емес, өздеріңіздің де үлестеріңізді қоссаңыздар деп. Мысалға, электр желілері, ең бірінші қауіпсіздік мәселесі, сол жағын айттық, екінші мәселе жұмысты тездету керек, адам санын көбейту керек, соған тапсырма айтылған болатын, одан бөлек өңірлік Аманат партиясы он күн сайын тексеруге алады, неғұрлым болғанда да бірінші қыркүйекте 100 пайыз дайын болу керек, негізінде жұмыс қарқыны жаман емес. Өңірде балалардың білім саласы бойынша, тағысын-тағы өте жақсы көңіл болып жатқаны қуантарлық жағдай.

 Көп ұзамай ғимараттың сыртын қаптау жұмыстары басталады. Есік пен терезелер жаңартылады, дейді мердігер мекеме өкілі

 НҰРҚАНАТ АМАНГЕЛДІ - МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ

 Осы нысан бойынша 50-ден астам қызметкерлер бар, әлдеде көбейтеміз, ерекшелігіне айтсақ, «Жайлы мектептің» құрылысындай қылып жасап берсек деген ниетіміз бар, дәл сондай құрылыс материалдарымен

Ал, күрделі жөндеу жұмыстары білім ошағында оқу жылы аяқталысымен басталған. Жоспар бойынша жиырмасыншы тамызда аяқталуы тиіс.